Жаңалықтар kaz

BISAM Central Asia командасы Almaty Sociology MeetUp іс-шарасына қатысты

2025-10-13 17:00 BISAM жаңалықтары
2025 жылғы 9 қазанда BISAM Central Asia командасы Нархоз университетінде өткен Almaty Sociology MeetUp іс-шарасына қатысты.

Іс-шара зерттеушілерді, оқытушыларды және практик мамандарды біріктіріп, социологиялық зерттеулердегі заманауи тәсілдер мен құралдарды талқылауға арналды. Атап айтқанда, жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау, еңбек ағындарын, көші-қонды және мәдени сәйкестікті зерттеу мәселелері қамтылды.

BISAM үшін мұндай іс-шараларға қатысу − академиялық қауымдастықпен тәжірибе алмасуға, өзекті әдіснамалар мен тәсілдерді талқылауға, сондай-ақҚазақстандағы кәсіби зерттеу диалогының дамуына үлес қосуға мүмкіндік.
MeetUp ұйымдастырушылары менқатысушыларына шабыттандыратын атмосфера, тың идеялар мен мазмұнды пікірталастар үшін алғысымызды білдіреміз.

BISAM Central Asia алдағы уақытта дасараптамалық алаңдарға белсенді қатысып, социологияның дамуын қолдап, команда ішінде де, кәсіби қауымдастық аясында да біліммен бөлісуді жалғастырады.