Жаңалықтар kaz

Зерттеу бөлімінің жетекшілері өңірлік интервьюерлермен кездесті

Сапалық зерттеулердің далалық желісінің жетекшісі Оразбаева Ақмарал мен трекингтік зерттеулер бөлімінің далалық менеджері Алтаева Ақбота еліміздің қалалары мен өңірлерінде зерттеу жобаларын жүзеге асырып жүрген өңірлік интервьюерлермен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар ағымдағы міндеттерді, далалық жұмыстың ерекшеліктерін, деректерді жинау сапасын, респонденттермен өзара іс-қимылды, сондай-ақсауалнамалар мен сұхбаттарды жүргізу кезінде интервьюерлер кездесетін қиындықтарды талқылады.

Интервьюердің жұмысы кезкелген зерттеу жобасының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Жиналатын деректердің сапасы, соның нәтижесінде тапсырыс берушілерге ұсынылатын қорытындылар мен ұсынымдардың сенімділігі интервьюерлердің кәсібилігіне, ұқыптылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Өңірлік интервьюерлер әртүрлі жағдайда жұмыс істейді: зерттеу нысандарына барады, түрлі мақсатты аудитория өкілдерімен кездеседі, зерттеудің мақсатын түсіндіреді, әдістемелік талаптарды сақтайды және сауалнамалардың дұрыс толтырылуын қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс қарым-қатынас жасау қабілетін ғана емес, сондай-ақ шыдамдылықты, күйзеліске төзімділікті, тәртіпті және адамдармен тіл табыса білуді талап етеді.

Кездесуде зерттеу қызметіндегі сапа стандарттары менэтикалық қағидаттарды сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Интервьюерлер зерттеу тобы мен респонденттер арасындағы негізгі байланыстырушы буын болғандықтан, олардың еңбегі жобалардың табысты жүзеге асуына зор үлес қосады.

Осындай кездесулер өңірлік командалармен тұрақты кері байланысты сақтауға, далалық жұмыстың нақты жағдайларын тереңірек түсінуге және зерттеу процестерінің тиімділігі менсапасын арттыруға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
2026-06-26 09:00 BISAM жаңалықтары