BISAM командасы «Альянс Стратег» академиясының «Парадигманың өзгеруі»тренингінен өтті.
BISAM қызметкерлері «Альянс Стратег» академиясындағы қарқынды даму бағдарламасына қатысып, оның аясында «Парадигманың өзгеруі» тренингі мен «Ақша»іскерлік ойынына қатысты.
«Парадигманың өзгеруі» тренингі жұмысқа деген үйреншікті көзқарастарды қайта қарауға, стандарттан тыс шешімдер іздеуге және стратегиялық ойлауды қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар шектеуші ұстанымдарды анықтап, оларды өзгертуге, көшбасшылық дағдыларын нығайтуға және тиімді командалық коммуникация құруға үйренді.
Бағдарлама аясында қызметкерлер «Ақша» іскерлік ойынына да қатысып, онда қаржылық ойлау, жоспарлау және ресурстарды басқару дағдылары ойын формасында пысықталды. Ойын нақты экономикалық жағдайларды модельдеп, қатысушыларға қауіпсіз ортада қаржылық мақсаттарға жетудің түрлі стратегияларын сынап көруге мүмкіндік берді.
Команда мұндай іс-шаралар кәсіби көкжиекті кеңейтіп қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтып, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыратынын атап өтті.