Жаңалықтар kaz

BISAM маркетинг бойынша XVII Республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттады

BISAM жаңалықтары
2025 жылғы 4 маусымда «Тұран» университетінде «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы − Маркетинг және логистика жоғары мектебі, ал BISAM Central Asia Олимпиаданың серіктесі болды.

Олимпиада Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан келген 10 команданы біріктіріп, кәсіби білімді, креативті ойлауды және командалық өзара әрекеттестікті көрсетуге арналған алаңға айналды. Студенттер үш кезең бойынша сайысқа түсті:

  • I кезең − маркетингтің өзекті тақырыптары бойынша эссе жазу;
  • II кезең − онлайн-тестілеу;
  • III кезең − практикалық тапсырма: «Digital-жоба үшін команда құрыңыз».

Зияткерлік марафон қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар анықталды. BISAM ақшалай сыйлықтар ұсынып, студенттердің қолданбалы маркетингтік дағдыларын дамытуға бағытталған бастаманы қолдады.

Олимпиада жеңімпаздары:
  • I дәрежелі диплом − «Нархоз университеті» КЕАҚ командасы;
  • II және III дәрежелі дипломдар − «Тұран» университетінің, Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің, Алматы Менеджмент Университетінің, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің командалары.