Сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған әлемдік «Қызғылт қазан» науқаны аясында BISAM компаниясында әйелдер денсаулығына арналған акция өтті.
Компанияныңқызметкер әйелдеріне Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының маммология орталығының мамандары — орталық басшысы Әлия Жаналыққызы Абдрахманова және онколог-маммолог Хван Николай Сергеевич дәріс өткізді.
Мамандар аурудың алдын алу, ерте диагностикалау және өз денсаулығына мұқият қараудың маңыздылығы туралы баяндады.
Дәрістен кейін барлық ниет білдірген қызметкерлер кеңседе тікелей профилактикалық тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды.
BISAM үшін қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау — жай ғана игі бастама емес, компанияның корпоративтік жауапкершілігінің ажырамас бөлігі. Мұндай акциялар өзіне саналы түрде қарау мәдениетін қалыптастыруға және ұжым ішінде сенім мен қамқорлық атмосферасын нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.
Компания алдағы уақытта да алдын алу мен денсаулық мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, осындай бастамаларды жалғастырып, дамытуды жоспарлап отыр.