Жаңалықтар kaz

BISAM-та өткен алғашқы «Социологтар таңғы асы»

BISAM жаңалықтары
BISAM компаниясы 2024–2025 жылдардағы жобалардың іске асырылуын талдауға арналған «Социологтар таңғы асы» атты митап өткізді. Кездесу барысында қазақстандық қоғамның өмір сүру деңгейі менәлеуметтік стратификациясына қатысты зерттеу нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар негізгі қорытындыларды талқылап, алдағы зерттеулердің бағыттарын айқындады және өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Компания социологиялық ғылымды дамытуға және кәсіби қауымдастықты нығайтуға ықпал ететін осындай іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.