Жаңалықтар kaz

BISAM 7 Мамыр мерекесін атап өтті

Отан қорғаушылар күніне орай BISAM ер азаматтарға арналған мерекелік шара өтті. Бұл күнәріптестердің сенімділігі, кәсібилігі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік болды.

Жылы әрі достық атмосферада қызметкерлер ізгі тілектер мен құттықтаулар қабылдады. Компания басшылығы өзара қолдау, жауапкершілік және ортақ нәтижеге ұмтылу құндылықтарын ерекше атап өтті. Осындай қасиеттер компанияның алға сенімді қадам басып, жаңа мақсаттарға жетуіне ықпал етеді.

Мерекелік кездесу ұжымды біріктіріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, корпоративтік мәдениет пен командалық рухтың маңызын тағы бірмәрте айқындады.

BISAM компаниясы барлық ер азаматтарға зорденсаулық, амандық, сенімділік және жаңа кәсіби жетістіктер тілейді.
2026-05-10 12:00 Жаңа зерттеулер BISAM жаңалықтары