Жаңалықтар kaz

BISAM 29 жылдығын атап өтті!

BISAM жаңалықтары
Биыл BISAM компаниясы құрылғанына 29 жыл толуын атап өтті. Отыз жылға жуық уақыт бойы BISAM тұрақты әрі жоғары нәтижелер көрсетіп, зерттеу саласындағы көшбасшылардың бірі атанды.
Қызмет еткен жылдар ішінде компания 2 600-ден астам зерттеу жүргізіп, сауалнамаларға 10 миллионнан астам респондент қатысты. Бұл − ауқымды сараптама деңгейінің, клиенттердің сенімінің және команда кәсібилігінің айқын дәлелі.
Компанияның туған күнін атап өту аясында дәстүрлі стратегиялық сессия да өтті. Онда атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, болашаққа арналған жаңа мақсаттар мен жоспарлар айқындалды. Сондай-ақ компанияның дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттауға арналған маңызды әрі ерекше оқиға болды. Үздік мамандар «Үздік маман», «Еңбегі мен адалдығы үшін», «Кәсіби өсуі үшін», «Үздік еңбегі үшін», «Үздік зерттеулері үшін», «Үздік интервьюер», «Үздік аймақтық супервайзер» номинациялары бойынша марапатталды.
BISAM алға нық қадам басып, дамуын жалғастырып, зерттеу саласында жоғары стандартта қызмет атқаруын жалғастырады.