Жаңалықтар kaz

BISAM Central Asia жылулық сыйлайды

2025-04-04 19:00 BISAM жаңалықтары
Жаңа жыл мерекелері қарсаңында BISAM Central Asia компаниясы «Дар» және «Teplo» қайырымдылық қорларына қолдау көрсетті. Компания қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар мен азық-түлік өнімдері сатып алынды.

«Дар» қоры балалар үшін жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, оларға мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Ал «Teplo» қоры мұқтаж отбасылардың жаңа жылдық дастарханына арналған азық-түлік өнімдерін сатып алып, мерекені лайықты қарсы алуға көмектесті.

BISAM Central Asia командасы баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды! Жаңа жыл сіздерге және жақындарыңызға бақыт, зор денсаулық пен молшылық әкелсін.
«Дар» қоры − жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын қор.

«Teplo» − өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға арналған киім-кешек пен аяқ киім жинауға бағытталған әлеуметтік-қайырымдылық жоба.